USD
USD
USD

Коронавирустың шарықтау шегінен өттік

ОКҚ-дегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді.

Коронавирустың шарықтау шегінен өттік
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 3 тамыздағы жағдайға сай, елде коронавирус жұқтырудың 92 662 жағдайы тіркелгенін еске салды. Оның 67,5% немесе 62 511 адам емделіп шықты.

- Тек соңғы тәулікте ғана 672 адам вирустан емделіп шықты, мұндай оң көрсеткіш ақырындап болса да, өсіп келеді, - деді ол.

Ең жақсы көрсеткіштер БҚО, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен астанада байқалуда.

- Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы тұрақталды, деп нық сеніммен айта аламыз. Өздеріңіз де мұны байқаған шығарсыздар. Шарықтау шегі артта қалды, ендігі мақсатымыз барша халқымыз бен денсаулық сақтау жүйесіне ауыр сынақ болып тиген осы жетістікті сақтап қалу, - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Ақмарал Науатбек

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев