USD
USD
USD

Коронавирустың салдарынан мұхиттардың пластика қалдықтарымен ластануы артты

Коронавирус пандемиясынан 2040 жылға таяу мұхиттардағы пластик қалдықтар үш есе артады. Жаңа зерттеулер осыны көрсетіп отыр.

Коронавирустың салдарынан мұхиттардың пластика қалдықтарымен ластануы артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Себебі індеттен дүние жүзінде пластик өнімдерді пайдалану көрсеткіші күрт өскен. Салдарынан жағажайларда бетперде және медициналық қолғаппен бірге тамақ салатын түрлі пластик қорапшалар көбейді.

Мамандар әлем елдері қазір шұғыл шара қабылдамаса мұхиттарға жыл сайын 11 миллион емес 30 миллион тонна пластик жиналатынын айтып, дабыл қағуда. Осы ретте ғалымдар әлем елдерін пластикті алмастыратын өнім шығару ісіне күш салуға шақырып отыр.

Ал салыстырмалы түрде айтсақ, 1950 жылы әлемде жыл сайын 2 миллион тонна пластик өндірілсе, 2017 жылы оның көлемі 348 миллион тоннаға жеткен.

Экологиялық апаттың алдын алу үшін елімізде қазір осы мәселені «Jasyl Arystan» ЖҚ өткір көтеріп жүр. Экологтар ел үкіметіне және Экология министрлігіне Қазақстанда тұрмыстық пластика қалдықтарын қайта өңдеу туралы алғашқы заңды әзірлеу және қабылдау туралы қаулы жіберді. Олар зиянды пластиктерді ұқсас материалдармен алмастырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде реттеу керек деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес