USD
USD
USD

Коронавирустың қазақстандық штамы пайда болуы мүмкін

Екі жылдан бері мутацияға ұшырап келе жатқан коронавирустың Қазақстанда да жаңа штаммы пайда болуы мүмкін. ҚР денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді.

Коронавирустың қазақстандық штамы пайда болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жаңа штамның пайда болу ықтималдығын ешкім жоққа шығармайды. Коронавирус соңғы екі жылдан бері мутацияға ұшырап келеді. Оның үнемі мутациялануына біз де үлес қосып жатырмыз. Егер де барлығы бір уақытта вакцина салдырса, қорған қойса... Вакциналау процесі неғұрлым ұзақ болған сайын, вирус түрлі мутацияға ұшырай береді", –  деді Есмағамбетова. 

Шенеуніктің сөзінше, вирустар мутацияға бейім келеді. 

"Ал біз вакцина салмай немесе ревакциналаудан өтпей, оған мүмкіндік береміз. Яғни мутациялану ықтималдығы әрқашан бар. Мемлекеттердің бірінде мутацияланса, мысалы үнді штамы болды, бізде де пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірді Есмағамбетова. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі