USD
USD
USD

Коронавирустың қауіпті делінген жаңа нұсқасы басқа елдерден табылып жатыр

Осы айда ОАР-да анықталған және кеше «Омикрон» деген атау берілген коронавирустың жаңа мутациясы Африкадан тыс барлық жаңа елдерде кездесіп жатыр. Ұлыбританияда екі жағдай анықталғаннан кейін, үкімет эпидемияға қарсы шараларды күшейтетінін жариялады.

Коронавирустың қауіпті делінген жаңа нұсқасы басқа елдерден табылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон шұғыл баспасөз мәслихатында эпидемияға қарсы шараларды уақытша (үш аптаға дейін) қатаңдататынын жариялады. Атап айтқанда, бұдан былай шет елден келетін кез келген азамат ПТР тестінің теріс нәтижесі шыққанға дейін оқшаулануы керек.

Сарапшылардың пікірінше, вирустың соңғы мутациясы бастапқы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған, сондықтан ол вакцинаға төзімді болуы мүмкін. Фармацевтикалық компаниялар қазірдің өзінде «Омикронды» зерттеп, онымен күресудің жолдарын табуға тырысып жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе