USD
USD
USD

Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

Ғалымдарға коронавирус мутациясының бірнеше түрін бір уақытта жұқтыру феноменін зерттеуге тура келеді.

Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір уақытта коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамын жұқтырған белгиялық әйел көз жұмды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Ол бірнеше мәрте құлағандықтан, биыл наурыз айында ауруханаға түскен. Сол күні коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Оның жағдайды күрт нашарлап кетті. Небәрі бес күннен соң қайтыс болды.  

90 жастағы қария бұған дейін вакцина салдырмаған.

Медицина қызметкерлері ол «альфа» (коронавирустың «британдық» түрі) және «бета» («оңтүстікафрикалық» түрі) штамын жұқтырғанын анықтады.

"Қария вирустың екі түрін екі адамнан жұқтыруы ықтимал. Ол кезде Бельгияда осы екі штамм да таралған еді», – деді молекулярлық биолог Анна Ванкирберген.

Оның айтуынша, науқастың жағдайы жылдам нашарлауы вирустың екі түрі бірге болуымен байланысты. Ванкирберген бұл феноменге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті.

Бұл тақырыпта биологтың жетекшілігімен жасалған зерттеу Клиникалық микробиология және жұқпалы аурулар еуропалық конгресі (ECCMID) кезінде ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park