USD
USD
USD

Коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды NHK телеарнасы. 

Коронавирустың британдық штамы тарап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпанның бірінші аптасында олардың үлесі 4,6%, екінші аптада – 10,5%, үшінші аптада – 15,2% болды. Осы ауруға шалдыққан адамдардың көбеюіне байланысты қала билігі жаңа штамның таралуын бақылау үшін жүргізілетін тестілеулер санын көбейту туралы шешім қабылдады. Жапония билігі 2020 жылдың 28 желтоқсанынан бастап коронавирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты әлемнің барлық елі мен аймақтарының азаматтарына жаңа визалар беруді тоқтатты.

Кейіннен бұл шектеу мерзімі елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 7 наурызға дейін ұзартылды. Соңғы мәліметтер бойынша, эпидемияның барлық кезеңінде Жапония аумағында коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 434 мыңнан асады, 7,9 мың өлім жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті