USD
USD
USD

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққан қария ауруханадан сауығып шықты

Шымкент қаласының 70 жастағы тұрғыны Әбдіманап Бейсенбаев коронавирустың ауыр түрін жеңіп шықты. 

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққан қария ауруханадан сауығып шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Екі өкпесі қабынған қарт кісі 19-маусым күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісінің жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызған. Медицина мамандары науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, қос өкпесі қабынғанын анықтаған. Бұған қоса коронавирус инфекциясы оң нәтиже көрсеткен. Ауыр халдегі науқастың қан қысымы жиі көтеріліп, өкпесінің қабыну пайызы күннен күнге жоғарылаған.

- Өкпесіндегі қабыну күннен күнге көтеріліп, 60 пайызға дейін жетті. Соған қарамастан емді тоқтатпай, антибактериялық терапия, антикоагулянты терапия және қосымша симптоматиялық емдеу шараларын жүргіздік. 19 күн ішінде науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырдық, - дейді инфекционист-дәрігер Кенжекүл Әділбекова.

Коронавирустың ауыр түрін жеңіп шыққан қарияның қазір денсаулығы жақсы. Егде жастағы кісі бұған дейін мұндай дерттің бар екеніне сенбей жүрген екен. Ауруды жеңіп шыққан қария дәрігерлерге алғысын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.