USD
USD
USD

Коронавирустың алматылық штамы қайдан пайда болды?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада «коронавирустың алматылық штамы пайда болды» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Коронавирустың алматылық штамы қайдан пайда болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде «алматылық штамға» қатысты ресми ақпарат жоқ.

«Британдық және Оңтүстік Африка штамына қатысты зертханалардан ресми жауап алдық. Ал «алматылық штамға» қатысты ресми мәлімет жоқ. Әрине, БАҚ-та әртүрлі нәрсе жазылады. Оны тексеріп алу қажет, қолда ресми мәлімет болуы керек қой. Біз ресми орган ретінде тек ресми мәліметке сүйене аламыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, ғалымдар Қазақстанда COVID-19-дың «алматылық штамы» пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, коронавирустың жаңа штамы Алматыға ғана тән болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер