Коронавирус жұқтырғандардың саны 2251-ге жетті
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 2251-ге жетті, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабы.
Алматы, NEGE. «Коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 44-ке өсті. (...) Сонымен елімізде коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны жалпы 2251 болып отыр», - делінген 23 сәуір сағат 17.50-де таратылған Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Жедел штаб ақпарынша, КВИ жұқтырудың 44 жаңа дерегі келесі облыстарда тіркелген: Нұр-Сұлтан (бір), Алматы (20), Қарағанды (бір), Ақтөбе (тоғыз), Жамбыл (тоғыз), Алматы (үш) және Қызылорда облыстарында (бір).