USD
USD
USD

Коронавирусты жеңу үшін вакцина егу жеткіліксіз

ДДСҰ басшысы коронавирусты жеңу үшін тек вакцина егу жеткіліксіз екенін айтты.

Коронавирусты жеңу үшін вакцина егу жеткіліксіз
Фото: NEGE.kz

Алматы, , NEGE. ДДСҰ басшысы: Коронавирусты толық жеңу үшін тек вакцина егу жеткіліксіз
Дүйсенбі күні БАҚ-та Американың Moderna компаниясының сарапшылары жасап шығарған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші, яғни соңғы сатысының барысында оның тиімділігі 94,5 пайызды құрап отырғаны белгілі болды. Сынақтан өткізу кезінде коронавирусты 95 адам жұқтырған, соның ішінде 90 адам екпенің орнына плацебо алған. Аурудың ауыр формада өткен барлық 11 оқиғасы плацебо екпесі егілгендер тобында болған.

Еске сала кетсек, өткен аптада Pfizer компаниясы өз вакцинасының тиімділігі туралы мәлімдеген, ол бұл вакцинаны немістің BioNTech фирмасымен бірігіп шығарды.

Сондай-ақ, Д-р Тедрос клиникалық сынақтың аяқталып, вакцинаның нарықта пайда болуынан кейін де қолжетімсіз болатынын атап өтті.

«Ең басында ұсыныс шектеулі болады, алғашқы қатарда медициналық қызметкерлер, егде жастағы адамдар және қауіп тобына кіретін өзге де тұрғындар болады. Бұл өлім оқиғаларының саны қысқартып, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға септігін тигізеді. Бірақ, осыдан кейін вирустың таралуының бұдан да көп мүмкіндігі болады», - деді д-р Тедрос.

Ол ұйымның вакциналардың тиімдігі туралы жаңалықтарды «сақтық оптимизммен» қабылдап отырғанын және көптеген елдердегі жағдай әлі де ауыр екенін ұмытпауға шақырды.

«Біз кейбір елдерде ауру жұқтыру санының көбеюіне қатысты алаңдап отырмыз. Еуропада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада денсаулық сақтау жүйелері мен медициналық қызметкерлері өз мүмкіндіктерінің шамасынан тыс жұмыс істеуде», - деді д-р Тедрос.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy