Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирусты жаңа дәрімен емдеуге болады

Қазақстанда стационарда коронавирусты емдеу хаттамасы кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Коронавирусты жаңа дәрімен емдеуге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  «Стационарлық буын деңгейінде емдеу сызбасын кеңейттік. Клиникалық хаттамаға жаңа препарат - фавипиравирді қостық. Олар көрші елдерде, еуропалық өңірде, Жапонияда кеңінен қолданылады. Препарат таяу уақыттың ішінде пациенттерді стационарлық емдеу үшін жеткізіледі. Ол коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандарды емдеуге ғана қолданылады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, жақын арада Қазақстан аталған препаратты өзі шығара бастап, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Мұнан бөлек, шетелдік әріптестерімізбен бірге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны апробациялау бойынша клиникалық зерттеу аяқталуға жақын», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш