USD
USD
USD

Коронавирусты халық қай жерде жиі жұқтырып жатыр?

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова алматылықтардың коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Коронавирусты халық қай жерде жиі жұқтырып жатыр?
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. «Ауруды жұқтыру отбасыда жиі болады. Алдыңғы аптаның деңгейінде қалып отыр – 25%, туыстарымен, көршілерімен, достарымен болған байланыстан жұқтыру 2,3-тен 2,6% - ға дейін өсті. Бұл өсімді ауызашар өткізумен байланыстырып отырмыз», - дейді Әсел Қалықова.

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі ведомствода діни сенімдегі адамдарға құрметпен қарайтынын, алайда вирус қауіпті екенін атап өтті.

«Талдау негізінде коронавирус жұқтырудың ықтимал орындары базарлар – 10% – дан астам жағдай, сауда нысандары-28%, қоғамдық тамақтану нысандарында 5% деңгейінде екенін айтты. Қоғамдық көлікте жұқтыру-5,2%. Басқа сауда нысандарында, дәріханаларда, медициналық мекемелерде, банктерде, пошталарда, ХҚКО-ларда, демалыс саябақтарында жұқтыру төмендеу үрдісімен іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр», - деді спикер.

Онлайн-брифинг соңында Әсел Қалықова тағы да Алматы тұрғындарын денсаулықтарына сақтықпен қарауға және вакциналануға, сондай-ақ карантиндік шараларды-әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды жалғастыруға, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy