Коронавирусты анықтау үшін 100 мың тест әкелінбек
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын анықтаудың тест жүйесі туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Біз қазір 60 мың тестің жеткізілуін күтіп отырмыз. Одан бөлек 40 мың тестке тапсырыс бердік. Яғни жалпы біз 100 мың тесті резервке қоямыз», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министр қазіргі таңда Қазақстанда РФ, ҚХР, БАӘ, АҚШ және ДДСҰ ұсынған (Германияда шығарылған) тест-жүйелері барын айтып өтті. «Жалпы бізге 15 мың тест жеткізілді. Қазіргі таңда біз 3389 адамға 5093 тесті пайдаландық. Қалған 9907 тест бар. Осылардың ішінде екеуі оң нәтиже көрсетті», – деді министр.