USD
USD
USD

Коронавирустен қауіптеніп, қытайлар ақшаның көзін жоюды бастады

Қытайда ауруханалардан, базарлар мен автобустарда және инфекция таралатын басқа жерлерде жиналған банкноттардың көзін жойып жатыр. Қытай билігі коронавирус індетінен ең көп зардап шеккен аудандардан жиналған ақшаның белгілі бір бөлігін жою туралы шешім қабылдағаны туралы Business Insider агенттігі мәлімдеп отыр.

Коронавирустен қауіптеніп, қытайлар ақшаның көзін жоюды бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қанша көлемде қаражаттың жойылатындығы нақты айтылмаған. Ауруханалардан, базарлар мен автобустардан және халық көп жиналатын инфекция таралған басқа да жерлерден жиналған банкноттар Гуанчжоуға жеткізіліп, сол жерде көзі жойылады.

Сондай-ақ, Қытайдың Орталық банкі коммерциялық несиелік ұйымдарға вирус дерті асқынған жерлерден түскен ақшаларды бөлек жинауды тапсырды. Жойылмайтын банкноттар дезинфекцияланатын болады. Ол ақшалар ультракүлгін сәулемен өңделіп, айналымға шығар алдында екі апта бойына карантинге қойылады деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев