Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан жазылған науқастар ПТР тапсыруға міндетті емес

Коронавирус симптомдары басылған науқас қайтадан ПТР тестілеу тапсыруға міндетті емес. Бұл туралы елордалық №5 қалалық емхана директоры Алтыншаш Табылдина жауап берді.

Коронавирустан жазылған науқастар ПТР тапсыруға міндетті емес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Науқастың дене қызуы түсіп, соңғы үш күнде қайта көтерілмесе, симптомдары азайып, өзге белгілер мазаламайтын болса, қайтадан ПТР тестілеу тапсыруға міндетті емес. Дәрігерлер оны бақылаудан босатады», - деді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, COVID-19 вирусы табылған бірақ симптомы жоқ науқастар 14 күн бойы дәрігерлер бақылауында болады. «Егер 14 күнде еш симптом байқалмаса, науқастың жай-күйі жақсы болса, оны бақылаудан аламыз. Одан кейін ПТР тестілеу немесе өзге де тексеру міндетті емес», - деді А. Табылдина.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG