Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан үйден емделу хаттамасына бес тегін дәрі енгізілді

КВИ-ден үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық препарат енгізілді.

Коронавирустан үйден емделу хаттамасына бес тегін дәрі енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Пневмонияны, коронавирусты пневмонияны, КВИ-ді үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық препарат енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді Алексей Цой. Министр атап өткендей, адамдар нарықта осы препараттарды іздеп кетпеу үшін қолға алынып отырғанын жеткізді. «Қазір қажетті процедуралар жүргізіліп жатыр. Емдеу хаттамалары енгізілуде. Пациенттер ауруханаға жетпей жатып, емді үйінде ала алатындай, яғни препапаратты үйіне жеткізу мәселесін пысықтаудамыз», - деді ол. Нақтырақ айтқанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту тізіміне ыстық түсіретін препараттардан «Парацетамол» мен «Ибупрофенді», антикоагулянттардан «Ривароксабан», «Апиксабан» мен «Дабиготранды» енгізу көзделген. «Бөлшектік сауда үшін біз Ресей мен Үндістаннан 6 әуе рейсін орындап, Қазақстанға 4 млн қаптама дәрі жеткізілді. Одан бөлек әрбір аймақ өздігімен бұл жұмысты жүргізуде», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG