USD
USD
USD

Коронавирустан өлім саны бойынша антирекорд тіркелді

Корея Республикасында 22 желтоқсан күні коронавирусқа шалдыққан 109 адам қайтыс болды, бұл – ең жоғары тәуліктік көрсеткіш, деп хабарлайды  YONHAP агенттігі.

Коронавирустан өлім саны бойынша антирекорд тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректері бойынша, елде тағы 6 919 вирус жұқтыру жағдайы (6 856-сы – жергілікті) тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 589 978-ге жетті.

Сейсенбі күні көрсеткіш 5 202 болған, ал сәрсенбі күні 7 456 жұқтыру жағдайы тіркелген. Бейсенбі күні жұқтыру жағдайы азайды. Қарашаның соңынан бастап 4-7 мың жұқтыру жағдайы тіркеліп отырған.

KDCA хабарлауынша, 1 083 науқастың жағдайы ауыр, оның алдындағы рекорд сәрсенбі күнгі 1 063 болған.

Елде бір тәуліктің ішінде 109 адам вирустан көз жұмды, салдарынан өлім саны 5 015-ке жетті. Осылайша, Оңтүстік Кореяда өлім үлесі 0,85% болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич