USD
USD
USD

Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді

 Бір тәулікте індеттен 1244 адам көз жұмды. 

Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Германияда коронавирустан өлім саны бойынша қайта антирекорд тіркелді, деп хабарлайды. Дрезден және Майсен қалаларының әкімшіліктері крематорийлерде бос орын қалмағанын мәлімдеді. Қатаң шектеулерге қарамастан, науқастар саны азаймай отыр. Соңғы бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 25 мың адам анықталды. Германияның 10 өңірінде жансақтау бөлімдері 85%-ке толып кетті.

Роберт Кох атындағы институттың басшысы Лотар Вилер: "Германияның денсаулық сақтау жүйесі тап бүгінгідей ауыртпалықты көрмеген еді. Жансақтау бөлімдерінде медиктер апталап демалыссыз жұмыс істеп жатыр. Тіпті ұйықтауға да уақыты жоқ. Сондықтан азаматтарымыздан тағы да сұраймыз: мүмкіндігінше үйде қалып, қашықтан жұмыс істеңіздер" деді.

Ал осы кезде, Германияда халықты жаппай вакциналау науқаны жалғасып келеді. Қазіргі кезде 758 мың адамға екпе жасалды. Бұл жасы 80-нен асқан азаматтар, қарттар үйлерінің қызметкерлері және медиктер. Билік өкілдерінің болжамынша, қалған халыққа вакцина алдағы жазда егіледі.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков