Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан көз жұмған 182 дәрігердің туысына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді

 Коронавируспен күресте қаза тапқан медицина қызметкерлерінің туыстары 10 миллион теңге өтемақы алады.

Коронавирустан көз жұмған 182 дәрігердің туысына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпараттың барлық 182 ақ халатты абзал жанға қатысы бар. Бұдан бөлек, 5 мыңнан аса маманға коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем жасалады. Аталған санаттағы адамдарды өңірлердің Денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссия анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды құзырлы министрлік жүзеге асырады. Одан кейін электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Содан соң ғана төлем тағайындау үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі