Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан қорғанудың жаңа технологиялары қандай?

Өзбектер коронавирустан қорғану үшін жаңа технологияларды қолдануға көшті.

Коронавирустан қорғанудың жаңа технологиялары қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы олар адамның медициналық масканы таққанын не тақпағанын анықтайтын құрылғы, киімдегі вирустарды өлтіретін шкаф секілді өнертабыстар ойлап тапқан. Министрлік ғимаратының кіреберісіндегі мына құрылғы адамның дене қызуын өлшейді. Әрі маскамен не маскасыз жүргенін анықтайды. Температураң жоғары болса, әлде бетперде тақпасаң, ғимараттың есігі ашылмайды. Мұндай құрылғы әзірге бір ғана Инновациялық даму министрлігінде орнатылған. Ал келер жылдан бастап Өзбекстанда бұл аппаратты жаппай өндіре бастайды. Бірақ өзбектер сақтық құралын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де түрлендіруді жоспарлап отыр. 

Өзбекстан Инновациялық даму министрлігінің басқарма басшысы Джомаладин Бабаханов: "Бұл құрылғыға көптеген өнеркәсіптік кәсіпорын тарапынан сұраныс артты. Олар «медициналық маскадан бөлек, құрылыс каскасын, арнайы көзәйнек немесе арнайы киімді анықтауға бола ма», деп сұрап жатыр. Әрине, бұл құралға мұндай жаңа қызметтерді орнатуға мүмкіндік бар" деді.

Коронавирустан қорғанудың тағы бір инновациялық амалы – мына зарарсыздандыру құралдары. Өзбекстандық стартаперлер нанокатализаторлық сүзгінің негізінде жұмыс істейтін шкаф пен ауа тазартқыш қондырғы ойлап тапқан. Бұлар киім-кешек пен кез келген заттың үстіндегі вирусты өлтіруге арналған. Инновациялық даму министрлігінің көзіне түскен жас өнертапқыштар грант ұтып алып, қазір жаппай өндірісті қолға алып отыр

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс