Коронавирустан қалай қорғану керек? ДСҰ кеңесі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғанудың тәсілдерімен бөлісті. Ескертпе ДСҰ-ның Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Алматы, NEGE. Сонымен мамандар мынандай кеңес береді:
- Қолды сабынмен жуу немесе алкогольді негіздегі гигиеналық құралдармен сүрту керек;
- Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызбен мұрынды қолмен немесе шынтақпен бүркемелеу қажет;
- Суық тиген немесе тұмаумен ауырған адамға мейлінше жақындамаған жөн;
- Ет пен жұмыртқаны термиялық өңдеуден өткізу керек немесе тек әбден пісіріп қана жеу керек;
- Жабайы аңдар мен үй жануарларын қолмен ұстамаған жөн.

Бұған дейін халықаралық мамандар Қытайдың Ухань қаласынан тараған қауіпті жаңа індеттің қайдан пайда болғанын тапқан еді. Мамандардың айтуынша, коронавирустың жаңа түрі жыландар мен жарқанаттарда кездеседі. Ол мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғатын қабілетке ие болған.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?