USD
USD
USD

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионға жетті

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионға жетті. Бұл жайлы BBC жазды.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүйсенбі таңындағы жағдайға сәйкес, әлемде коронавирустан қайтыс болған адамдар саны 5 миллион адамнан асып жығылған. Тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы табысы орташадан жоғары немесе жоғары, ғаламшар тұрғындарының сегізден бір бөлігі тұрып жатқан елдер үлесінде (АҚШ, ЕО елдері, Бразилия). АҚШ-тың бір өзінде қауіпті вирустан 740 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Сарапшылар коронавирус 1950 жылдан бері болып жатқан барлық әлемдік жанжалдармен бірдей адам өмірін қиып әкетті, адам өлімінің жүрек-қантамыр аурулары мен инсульттан кейінгі үшінші басты себебіне айналды деп санайды.

Бұл ретте ғалымдар 5 млн – нақты саннан әлдеқайда төмен екеніне сенімді, себебі індеттен қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирусқа тест тапсырған жоқ. Ал медициналық көмексіз үйінде көз жұмғандар сол күйінде тіркелмей қалған.

Пандемия басталғалы 22 айдың ішінде ауруға шалдығу ошақтары да ауысып отырған. Қазіргі кезде вирус әсіресе, вакциналауға қарсы теріс ақпарат тарап, халқы билік көздеріне сенімсіздік танытқан Ресей, Украина және Шығыс Еуропаның басқа елдерінде тез таралып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы