USD
USD
USD

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 миллионнан асты

Әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болды. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас хатшысы мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина туралы айтты.

Антониу Гутерриш вакциналар "жаһандық қоғамдық игілік" ретінде қарастырылуы керегін мәлімдеді. Бұл бүкіл қоғам белгілі бір қызметті ұсынуға мүдделі екенін білдіреді, яғни адамдар оны ешқандай бәсекелестіксіз тегін алуға құқылы. Сондықтан БҰҰ басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаны "халықтық вакцина" деп атады және вакцинаны барлық елге қолжетімді ету үшін БҰҰ құрған COVAX механизмін қаржыландыруға шақырды.

Антониу Гутерриш халықты вакциналар туралы хабардар етіп, адамдарда пайда болған сенімсіздікті жою қажет екенін айтты.

«Біздің әлем бұл вирусты бірлесіп әрекет ету арқылы ғана жеңе алады», – деді бас хатшы.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков