Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан қайтыс болған павлодарлық әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

Павлодар тұрғыны коронавирустан қайтыс болды. COVID-19 диагнозы науқастан бірден анықталмаған.

Коронавирустан қайтыс болған павлодарлық әйел ауруханаға жатудан бас тартқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар онлайнның хабарлауынша, 5 маусымда 1961 жылғы әйел дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, басы ауырып, жүрегі айнып, құсқандықтан емханаға дәрігерге қаралған. Оған ауруханаға жату ұсынылды, бірақ ол одан бас тартты. Сол күні науқастан COVID-19 талдауы алынды, нәтижесі теріс болды. 8 маусымда ыстығы түспеген, әрең тыныстаған әйелді жедел жәрдем бригадасы уақытша ауруханасына жеткізді. Қабылдау сәтінен бастап науқастың жағдайы нашарлай берді, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

11 маусымда зертханаға жіберілген екінші талдау оң нәтиже көрсетті.

Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, науқасты емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған хаттамаларға сәйкес жүргізілді. Әйелдің жағдайы біртіндеп нашарлай берген.

Көрсетілген медициналық шараларға қарамастан, ол 11 маусымда сағат 15.58-де қайтыс болды. КВИ тесті оң нәтиже берген науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, бұл оқиға коронавирус инфекциясы бойынша өлім-жітім ретінде тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді