USD
USD
USD

Коронавирустан емделудің құны миллион доллардан асқан

АҚШ-тың Сиэтл қаласының іргесіндегі Иссакуа қалашығының тұрғыны Майкл Флор жазылып шыққан соң оған ауруханадан емдеу ақысы 1 миллион 12 мың доллар болғаны туралы хабарлама келген. 

Коронавирустан емделудің құны миллион доллардан асқан
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. 70 жастағы Майкл Флор Иссакуа емханасында 62 күн жатқан. Жергілікті The Seattle Times басылымының жазуынша, емделгені үшін ақы талап еткен 181 беттен тұратын хабарламаның өзі бір кітапқа ұқсайды. Интенсивті терапия бөлімінде жатқан кезде Майкл Флордың бірнеше рет жүрегі, бүйрегі, өкпесі істемей қалып, өлім аузында жатқан. Хал үстіндегі ер адам туыстарымен қоштасып қалуы үшін кезекші медбике оның құлағына телефон тосып отырған. Cонда орта есеппен Флор ауруханада жатқан әр күніне 16 мың доллар төлеуі тиіс. Америкалық басылымның жазуынша, Флор қарттарға арналған Medicare бағдарламасының қатысушысы болғандықтан, бұл соманың едәуір бөлігі мемлекет есебінен өтелмек. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға