Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустан емделген алғашқы адам тіркелді

Қытайдың Шанхай қаласында 2019-nCoV коронавирусымен сырқаттанған адам емделіп шықты. Бұл туралы Sina агенттігіне сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлады.

Коронавирустан емделген алғашқы адам тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 56 жастағы Чен қалалық ауруханада емделген. Дегенмен оның дене қызуының бәсеңдеуі байқалмаған. Коронавирусқа арналған жаңа препараттар оң нәтиже көрсетпеген.

Sina агенттігі науқастың ұзақ уақыт қытайлық сырқаттың отаны саналатын Ухань қаласында тұрғанын жазады. 10 қаңтар күні кешке қызуы көтеріліп, қалалық ауруханаға түскен. Екі күннен кейін Чен Шанхайға ауыстырылған. Осы шаһардағы ем-домнан кейін ол өзін жақсы сезіне бастаған. Оның айығып шығуы – алғашқы оқиға.

Бұған дейін Bloomberg өлімге әкелетін вирусты анықтаудың негізгі әдісі - температураны өлшеу емес. Бұл тәсіл дертті нақты анықтай алмайды деген еді. Өйткені осы сырқаттан көз жұмғандардың бірнешеуінде дене қызуы білінбеген. Коронавирустың басты белгілері – дене қызуы, әлсіздік және жөтел.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА