USD
USD
USD

Коронавирустан айығып шыққандар қайта ауыруы мүмкін бе?

Коронавирустан айығып шыққандар бұл ауруға қайта шалдығуы әбден мүмкін. Сол себепті тиісті сақтық шараларын ұмытпаған жөн.

Коронавирустан айығып шыққандар қайта ауыруы мүмкін бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отандық дәрігерлер осылай деп отыр. Ақ халаттылардың айтуынша, бұл індет екінші рет еш белгісіз өте алады. Сондықтан, вирусты басқа адамдарға жұқтырмау үшін үнемі маска тағып жүру керек.

Мамандардың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Ковид-19-дан  көз жұмған 10 адамның сегізі жасы 65-тен асқан азаматтар. Осы орайда үлкен кісілердің оқшаулануы өте маңызды. Әсіресе халық көп жиналатын орындарға барудан бас тартқан дұрыс.

Анжела Ашихмина, терапевт:

- Коронавируске қарсы иммунитет шамамен 3 ай бойы сақталады. Кейде бұл мерзім одан да ұзақ болуы мүмкін. Ал басқаларында керісінше тек бірнеше апта ғана созыла алады. Сол себепті айығып шыққандар қайтадан ауырып қалуы ықтимал. Карантин режимі бәсеңдетілгенімен әр адам өз-өзіне қатысты сақтық шараларын ұмытпағаны абзал.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай