USD
USD
USD

Коронавирустан 47 260 адам емделді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясы бойынша жалпы әлемдегі ахуал туралы баян етті.

Коронавирустан 47 260 адам емделді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қытайда 80302 науқас тіркелген. Бір тәулікте 128 адамға өсті. Ол дегеніміз – 0,16 пайызды құрайды. Оның 2946-ы қайтыс болды. Емделіп шыққандардың саны – 47260 адам. Бұл көрсеткіш – 58,8 пайызды құрайды. Стационарда қазір 3096 науқас емделуде. Қайтыс болғандардың орта жасы – 75 жаста», – деді ол Қазмедиада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша әлем бойынша 76 елде 12575 науқас тіркеліп, оның 221-і қайтыс болған.

Атап айтқанда Иранда 77 адам, Италияда 79 адам, Кореяда 34 адам, круиздік лайнерде болған 7 адам, Жапонияда 6, АҚШ-та 9, Францияда 4, Филиппин аралдарында 1, Таиландта 1, Австралияда 1, Сан-Маринода бір адам көз жұмған. Тәуліктік өсім 24,1 пайызды құрап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026