USD
USD
USD

Коронавирустан 1000-нан аса адам көз жұмды

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй – 103).

Коронавирустан 1000-нан аса адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да індетті жұқтырғандардың жалпы саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза тапты. 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Ресми статистиға сәйкес, эпидемия ошағы Хубэй провинциясынан басқа аймақтарда індетті жұқтыру оқиғасы жетінші күн қатарынан азайып жатыр.

Қазақстанмен шекаралас Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді.

Оның ішінде Іле-Қазақ автономды аймағында – 10, ауданның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында 20 адам індет жұқтырған. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы 3842 адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.