USD
USD
USD

Коронавируспен күресу үшін $675 млн сұрап жатыр

Коронавируспен күресу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) $675 млн сұрады, деп жазады «БҰҰ жаңалықтар» сайты.

Коронавируспен күресу үшін $675 млн сұрап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ атап өткендей, аталмыш аурудың өршуі Қытайда 500 адамның өмірін қиды, аталмыш аурудың 99%-ы Қытайда тіркелген.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық қауымдастықтан коронавирустың жаһандық таралуымен күрес шараларын қабылдау үшін $675 млн сұрады», - делінген хабарда.

ДДСҰ басшысы әзірге коронавирустың әлем бойынша таралуын тежеу мүмкін болып тұрғанын тағы да растады – аурудың 99%-ы Қытайда тіркелген. Десек те, ол бұл індеттің уақытында аталмыш инфекцияны анықтай алмайтын елдерге жетуі мүмкін екендігінен қауіптеніп отыр.

«Өткен 24 сағатта бастапқыға қарағанда бір күнде ауру жұқтырудың жаңа деректерінің барынша көбейгені тіркеліп отыр», - деді сәрсенбі күні ертеңгісін ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы баспасөз мәслихатында.

Тедростың айтуынша, тек халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығы, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі жеткілікті дамымаған мемлекеттердің техникалқ, қаржылай және саяси қолдауы ғана мұндай сценарийді болдырмауға мүмкіндік береді.

«ДДСҰ коронавируспен күреске өз қорынан $9 млн бөлген. Сонымен қатар, 24 елге 500 мың бетперде, 350 мың жұп қолғап, 40 мың респиратор және 18 мың қорғаныс костюмдері жөнелтілген. Бүкіл әлем бойынша 70 зертхана коронавирусты уақытылы диагностикалайтын 250 мыңға жуық жинақ алған», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика