USD
USD
USD

Коронавируспен күрескендерге арнап монумент орнатылады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Тараз қаласы құрылысы кеңесінің кезекті отырысында Тараз қаласын абаттандыру бойынша жобалар талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Коронавируспен күрескендерге арнап монумент орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайын облыс орталығындағы көрнекі орындар қатары артып келеді. Оның айқын бір мысалы - «Тектұрмас» этно-тарихи кешені. Соңғы уақытта аумақ айтарлықтай өзгеріп шыға келді. Аймақтың түкпір-түкпірінен тұрғындар сонда ағылуда, шаһар қонақтары да сол жерді көріп қайтуды мақсат етеді. «Тектұрмас» аумағындағы құрылыс жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов сол маңайдағы жағажай мен жасанды сарқырама жобасы туралы баяндады. Жоспар бойынша ондағы демалушылар үшін қойылатын орындықтар ұлттық нақышта безендірілетін болады. «Biz birgemiz» монументі де шаһардың мақтанышына айналуы тиіс. Жоба өз құрылымымен елдегі бірлік пен татулықты әспеттейді.

Айта кетейік, монумент коронавируспен күрескен азаматтарға арнап орнатылып жатыр. Көпфигуралы композицияның қақ ортасында жер шары орналасқан. Түрлі мамандық иелерінің мүсіндері оны қол ұстаса айналдырып тұр. Кешен де, монумент те ұлттық нақышта орындалады. Облыс әкіміне сондай-ақ, Өнер үйі, Жастар орталығы, Аса ықшамауданында салынатын аллеялар жобалары да көрсетілді. Жергілікті сәулетшілер жоспарды өзге қалалардағы тәжірибеге қарап әзірлеген екен. «Әр ғимарат бірегей болуы керек. Бірақ өзара үйлесім де ескерілгені жөн»,- деп ескертті аймақ басшысы. Арман Әбдешов Абай мен Жамбыл даңғылдары біршама өзгеретінін жеткізді. «Ең бірінші кезекте сауатсыз жарнама ілінген қалқандар, билбордтарды жою керек. Рұқсат етілмеген жерде нысан салып жатқан кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту керек», - деп талап қойды Бердібек Сапарбаев. Басқосу барысында Гродеково мен Шу қаласын абаттандыру мәселелері де қаралды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова