USD
USD
USD

Коронавируспен күреске 265 миллиард теңге бөлінбек

Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында айтты.

Коронавируспен күреске 265 миллиард теңге бөлінбек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет отырысында 2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасына дауыс берілді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, пандемиямен күрес жөніндегі шаралар мен бұрын қабылданған міндеттемелерге басымдық берілді. 

"Эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде:

- карантин шараларын жүргізуге жұмылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 миллиард теңге;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 миллиард теңге", - деді Жамаубаев.

Ол бюджеттен бөлінетін қаржы 1,3 триллион теңгеге ұлғайып, 15,3 триллионға жеткенін айтты. Айтуынша, 279 миллиард теңге қосымша түсім мен Ұлттық қордан 850 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферт тарту есебінен бюджет шығыны ұлғайды. Бұдан басқа, Президент бастамаларына бюджет бөлу процесі қайта қаралған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy