USD
USD
USD

Коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаның дозасы қанша тұрады?

Елімізде коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан вакцинаның болжамды бағасы айтылды.

Коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаның дозасы қанша тұрады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаның құнына келсек, вакцинаның 1 дозасын әзірлеуге 2,5 АҚШ доллары жұмсалуда. Бұл вакцинаның ғана бағасы. Одан бөлек, оны тасымалдау яғни жеткізу және басқа да шығындарды есептеңіз. Сондықтанда вакцинаның 1 дозасының түбегейлі бағасы 2,5 доллардан қымбат болады деп ойлаймын. Соған қарамастан біздегі мәліметтерге сәйкес, қазақстандық вакцинаны өз бағасындағы арзан өнім деп айтуға болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья «GYLYM TALKS» атты онлайн жоба барысында.

Оның айтуынша, отандық вакцинаны алдымен індет қаупі тобындағы адамдарға егу қажет. «Олардың қатарына алдымен медицина мамандары жатады. Өйткені, әлемнің барлық елдерінде бір ғана тактика бар, яғни вакцинаны алдымен қауіпті топқа жататын және солармен байланысқа түсетін адамдарға егу. Вакцина - ол профилактилкалық құрал. Және ол ағзаны індет жұққан жағдайда иммундық тұрғыдан қарсы тұруға дайындайды», - дейді ол. Бұған дейін коронавирус індетіне қарсы әзірленген қазақстандық вакцинаның 3 мың еріктіге сынақ жасалатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.