USD
USD
USD

Коронавирусқа тест жалған көрсетуі мүмкін

Анализдің дұрыс алынбауы салдарынан коронавируқа тест 30-40% жағдайда дұрыс нәтиже көрсетпеуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологі, Сеченовский университетінің пульмонология кафедрасының меңгерушісі Сергей Авдеев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Коронавирусқа тест жалған көрсетуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, оның айтуынша, инфекцияға шалдыққан 95% адамның инкубациялық кезеңі 2 күннен 6 күнге созылады.

«Біз тест-жүйесіне еш күмән келтірмейміз. Тек тәжірибемізде тестілеудің жалған нәтиже көрсететін жағдайлары болуы мүмкін. Қаншалықты жиі: шамамен 30-40% жағдайда. Мәселе тестілеудің сапасында емес, анализді дұрыс алмауда болып тұр. Анализ сапасыз алынса, жалған нәтиже көрсетуі мүмкін», – деді Авдеев РФ Денсаулық сақтау министрлігінің алдыңғы қатарлы сарапшылары қатысқан COVID-19-ға қатысты жиында.

Сарапшы адамнан материалды алу уақыты да маңызды екенін атап өтті. Себебі аурудың алғашқы кезеңінде ПТР-тестінің оң нәтиже көрсетуі жиірек кездеседі.

Сонымен қатар, Авдеев талдауды қайта тапсыру туралы шешімді дәрігер қабылдауы керек деп түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy