USD
USD
USD

Коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастардың сынамасы қашан дайын болады?

Қытайдағы коронавирусқа байланысты ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижелері үш күнде анықталады. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. 

Коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастардың сынамасы қашан дайын болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бздің мамандарымыз тұмауды, суық тиюді, ЖРВИ-ді болдырмау, коронавирусты анықтау үшін науқастан сынама ала алады. Қазіргі уақытта еліміздің 2 жерінде, Алматы мен Нұр-Сұлтанда биотехнология ғалымдарымен бірлесіп, отандық диагностика қою әдістерін әзірлеудеміз. Ауруханаға түсіп жатқан науқастардың сынамаларын өзіміздің зертханаларға жібереміз. Ол үш күнде анықталады. Қиыншылық туса, онда біздің алгоритмге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен зертханаға сынамаларды жібереміз», – деді бас санитарлық дәрігер.

Бұған қоса, оның айтуынша, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі әріптестерімен қажет болған жағдайда сынамаларды Мәскеу мен Новосібір қалаларындағы зертханаларға жіберуге келіскен. Жалпы, бас санитарлық дәрігер қаңтардың 30-ына дейін отандық диагностикалау әдісі дайындалатындығын атап өтті. «Қытайдан келген азаматтарымыз және шетелдіктердің бәрі есепке алынды. Себебі осы келген отандастарымыздан және шетелдіктерден ЖРВИ, тұмау белгілерін анықтау, оны толық зерттеп, диагноз қоюмыз керек. Мұндай ауру шықса, онда оны тез арада анықтап, оқшаулауымыз қажет. Сонда қоғамымызды қорғаймыз»,  –  деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю