USD
USD
USD

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы мүмкін

  Түркияда коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдар туралы жалған ақпарат таратқандар 3 айдан екі жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың белгілі бір санаты науқастарды, әсіресе жеке сектор қызметкерлерін оқшаулаудың экономикалық салдарын болдырмауға үміттеніп, полиция мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен байланыстары туралы ақпаратты жасырғанды жөн көреді.

Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады және Түркияның Қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес 3 айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған деп көрсетілген. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда коронавирус инфекциясы жағдайларының саны 308 069-ға жетті, оның 270 мыңнан астамы ауруынан айықты.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі