USD
USD
USD

Коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын жаңа фабрика ашылды

 Мұнда BioNTech и Pfizer вакцинасын өндіреді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, Марбургтегі кәсіпорын жылына екпенің бір миллиард данасын шығара алады.

Коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын жаңа фабрика ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 250 миллионын маусым айының аяғына дейін өндіру көзделіп отыр. Бұл елде вакциналау қарқынын үдетуге мүмкіндік береді. Ал әзірше Германия жоспардан әлдеқайда артта келеді. Қазір халықтың 5% вакциналанды. Яғни екі екпе 4 миллионнан астам адамға салынған. Елде 4 препаратты қолдануға рұқсат етілді. Бұл – BioNTech и Pfizer, Moderna, Vaxzevria және Johnson & Johnson. Соңғы компания маусым айының соңына дейін Германияға вакцинаның 10 миллион данасын жеткізуге тиіс. 

Biontech компаниясының менеджері Валеска Шилинг: "Небәрі бес айдың ішінде өндірісімізді жаңадан жабдықтадық. Аптасына жеті күн бойы күні-түні жұмыс істеп келеміз. Ұжымымыз осындай қысқа мерзімде тіркеу алғанын мақтан тұтады. РНК технологиясына негізделген вакцинамыз осы фабрикада өндіріледі. Өлшеп оралғаннан кейін ол бірден екпе орталықтарына жеткізіледі", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер