USD
USD
USD

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру ақылы бола ма?

Екпені қазір салдырмағандар кейін ақылы салдырады деген әңгіме тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас? Рас болса бағасы қанша болады? Бұл көпшіліктің көкейінде жүрген сауал. 

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру ақылы бола ма?
Фото: NEGE.kz

Бұл сұрақтар Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға жолданған болатын. Nege.kz сайтының сауалына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жауап берді. 

Вице министрдің айтуынша, вакцина салдыру ешқашан да ақылы болмайды. 

«Бұл жалған ақпарат. Екпе ақысыз салынып жатыр. Вакцина барлығына да жетеді. Сондықтан, бәрін вакцина алуға шақырамыз», - деп қысқа қайырды Ажар Ғинаят. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға