USD
USD
USD

«Қорғас» ақпан айының соңына дейін жабық болады

Коронавирус салдарынан «Қорғас» ШЫХО жабу туралы шешім ақпан айының соңына дейін ұзартылды.

«Қорғас» ақпан айының соңына дейін жабық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі жағдайға байланысты ақпан айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл жерде атап өткеніміздей, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша осы уақыт аралығында ШЫХО ғимараты ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жөкел.

Сонымен қатар, «Қорғас» жабық кезде ШЫХО ішіндегі мәселелер шешіледі.

«Осы аумақта нақты мәселелердің бар екенін бәрі біледі. Шағымданушылар да көп. Қазір «Қорғас» жаңа басшылығы алдында өткелді жаңарту міндеті тұр», - деді Жөкел.

Бұған дейін Қытайдағы коронавирус салдарынан «Қорғас» ШЫХО 15 ақпанға дейін жабық болады деп хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы