USD
USD
USD

Коронавирусқа 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 17 вакцина адамдарға салынып, сынақтан өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды DW басылымы.

Коронавирусқа 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, сынақтан өткізіліп жатқан вакциналардың әрқайсысы әртүрлі кезеңде, деп хабарлады DW.

«Қазіргі уақытта Оксфорд университеті әзірлеген AZD1222 вакциянасы ең перспективалы вакцина болып табылады. Ол клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне бірінші болып кірді, яғни оның қауіпсіздігін анықтау үшін ол көптеген адамға салынды», – делінген ДДҰ хабарламада.

Тағы бес ықтимал вакцина сынақтың екінші кезеңінде, яғни олар белгілі бір аурулары бар аздаған адамға салынып жатыр. Ал санақтың бірінші кезеңде вакциналар сау адамдарға салынып, тексеріледі.

Ғалымдар жылдың соңына дейін қандай да бір вакцинаның қолжетімді болатын-болмайтынын болжай алмай отыр. Әдетте вакцина жасау үшін 10-15 жыл қажет.

Бұған дейін ДДҰ әлемде COVID-ке қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға