USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырғандардың саны 865 болды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 жағдай тіркелді. Олардың қатарында Алматы облысыда - 1, Батыс Қазақстан облысы - 1, Қарағанды облысы - 1, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында - 1 жағдай тіркелді. 

Коронавирус жұқтырғандардың саны 865 болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Батыс Қазақстан облысындағы бір жағдай. Коронавирустық инфекция табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілері анықталды", - делінген хабарламада. Аталған азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Түркістан облысы - 1 жағдай. Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген. "Қарағанды облысы - 1 жағдай. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.