USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырғандардың 46%-інен британдық штамм анықталды

 Германия коронавирустың жаңа штамдарына байланысты Ұлыбритания, Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы және Бразилия азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салды. 

Коронавирус жұқтырғандардың 46%-інен британдық штамм анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал Чехиямен шекарадағы шектеу наурыздың 17-сіне дейін сақталады. Британдық штамм өршіп тұрған Францияның Мозель аймағынан келушілерге де тәртіп қатаңдатылды. Германияға кіру үшін көрші ел азаматтары ПТР-тест анықтамасын көрсетуі тиіс. Ал Германияның өзінде британдық штамм тез тарауда. Қазір ол осы елдегі вирусты жұқтырғандардың 46%-інен анықталып отыр. Бір ай бұрын бұл көрсткіш 6%-ті ғана құраған. Сарапшылар жуық арада британдық штамм басты вирусқа айналып, әсіресе, қарттар үшін қауіпті екенін ескертуде.

Роберт Кох атындағы институттың басшысы Лотар Вилер: "Біз жасы 80-нен асқан қарттар арасында вирус жұқтыру қайта өскенін байқап отырмыз. Коронавирустың өзгеріске ұшыраған жаңа түрлерінің ішінде әсіресе, британдық штамм қатты алаңдатады. Бірақ қуанышымызға орай, вакциналардың бұл штамға әсері бар екенін көрсетті", - деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер