USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырғандарды вакцина қаншалықты қорғайды? Маман пікірі

Коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған адамға вакцина салуға бола ма?

Коронавирус жұқтырғандарды вакцина қаншалықты қорғайды? Маман пікірі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл сұраққа Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берді. Оның айтуынша, адам ағзасы үшін антиденелер ешқашан көп болмайды.

«Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни, қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар - ауырып жазылған соң, вакцина салдырғандар», – деді Шарман. Сонымен қатар, Алмаз Шарманның айтуынша, соңғы зерттеулерге сәйкес, «дельта» штамы антиденелерге қарамастан жұғып жатыр.

«Сондықтан, ауырып, жазылып, антиденелер ағзада болса да, вакцина салдыруға кеңес беремін», – деді маман.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар