USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезбей қалады?

Ресейлік оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Ксения Карташова COVID-19-дан кейін неге иістер бұрмаланып сезілетінін түсіндірді.

Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезбей қалады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігердің сөзінше, SARS-CoV-2 вирусы ағзаға енген кезде, ол тыныс алу және иіс сездіретін нейрондарды қоректендіретін жасушаларға зақым келтіреді. Көмекші жасушалар өлгенде, нейрондар қалыпты жұмысын тоқтатады және иістерді танымай қалады.

Содан иістерді тануда әлі "тәжірибесі жоқ" жетілмеген нейрондар жиналады.

"Бір ғылыми теорияға сәйкес, осы жетілмеген нейрондар иістерді бұрмаланған түрде қабылдауға себеп. Олар бізге қате сигналдар жібереді. Мұнда әркімде әр түрлі", - деді Ксения Карташова.

Сондай-ақ, дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастардың жаңа клиникалық зерттеулерінің деректерін бөлісті. Олардың кейбіреуінде мидың эмоциялар мен есте сақтау механизмдеріне қатысатын бөлігінде өзгерістер болған.

"Иістерді қабылдаудың бүкіл тізбегі бізде гиппокамптың маңынан өтеді, сондықтан белгілі бір иістер тұрақты эмоционалды есте сақтау қабілетін тудырады. Мысалы, әтірдің хош иісін сезіп, бір адамды еске алуыңыз мүмкін. Сондықтан мидың осы аймағының зақымдануынан иістерді бұрмаланған күйде қабылдауымыз мүмкін", - деді оториноларинголог.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот