USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған науқастар жатқан аурухана өртенді

Ирактың оңтүстігінде Ди-Кар провинциясындағы Эн-Насирия қаласында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханадан өрт шықты. Қаза болғандар саны 54 адамға дейін жетті.

Коронавирус жұқтырған науқастар жатқан аурухана өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұған дейін 38 адамның ажал құшқаны хабарланған еді.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ауруханадағы өрт оттегі баллонының жарылуынан болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, бірақ кейбір науқастар әлі ауруханадан шыға алмай отыр.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, араб республикасының премьер-министрі Мустафа аль-Казыми трагедия орнына аттанды. Денсаулық сақтау департаменті провинцияда төтенше жағдай жариялады.

Қазір Ирактың оңтүстігінде аптап ыстық, сынап бағанасы күндіз көлеңкелі жерде 50 градусты көрсетеді.

Иракта коронавируспен ауыратындарға арналған ауруханада өрт алғаш рет болып отырған жоқ. Сәуір айының соңында Багдад қаласында "Ибн аль-Хатыб" ауруханасы өртеніп, 82 адам көз жұмды, тағы 11 адам жарақат алды.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол