USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған науқастар мен дәрігерлер халыққа үндеу жолдады

 Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар мен дәрігерлер мәлімдеме жасады. Олар халықты сақтық шараларын қадағалап, өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырды.

Коронавирус жұқтырған науқастар мен дәрігерлер халыққа үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус індетіне шалдыққандардың бірі - Ділдар Атаханова. Ол Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. 52 жастағы науқастың тек бесінші күні беті бері қараған. Оған дәрігерлердің шұғыл медициналық көмегі септігін тигізген. Түркістандық ана өкінішке орай ұлының да осы ауруға шалдыққанын айтып, короновирусқа сенбейтіндерді абай болуға шақырды.

Ауруханада ем қабылдап жатқан тағы бір науқас Төлеген Езтілеуов - Арыс қаласының тұрғыны. 72 жастағы науқас та ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген. Қарияның жағдайы қазір жақсарған. Зейнет жасындағы ақсақал бұл дерттің тым қауіпті екенін айтып, халық арасында коронавирус індеті жалған деген қауесетке сенбейтіндерге сақтану керектігін ескертті. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша covid-19 инфекциясына 247 азамат шалдыққан. Оның арасында 157 адам жазылып шыққан. 

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Күдікті, Нұрай

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Бапи

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Әділетхан Молдахан

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Қылмыстық іс