USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлене бастады

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлене бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілген. Өтемақы төлеуге өтініштерді өңірлік денсаулық сақтау басқармалары комиссияның тиісті шешімдері негізінде жібереді», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің айтуынша, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, өтемақы төлеуге 6 өңірден 123 өтініш келіп түскен. «Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Қаражат өтінімде көрсетілген реквизиттерге жіберіледі. 123 өтінім ішінде қызмет бабымен қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әлі өтінім берілмеді», - деді Б. Нұрымбетов. Еске сала кетсек, қызмет барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңгеден, қайтыс болған қызметкердің отбасына – 10 млн теңге өтемақы бекітілген еді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана