USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

 Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам ауыр халде жатқанын мәлім етті.

Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласында осыған дейін вирусты жұқтырған жалпы 319 адам анықталды. Оның 47 пайызы ерлер, 53 пайызы әйелдер. Коронавирусты жұқтырғандардың 43 пайызы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар. 26 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 16,5 пайызы – 50-59 жас аралығындағы адамдар болса, 9 пайызы 60-69 жас аралығындағы азаматтар. 3 пайызы – 70 және одан үлкен жастағы кісілер. 3,4 пайызы – 18-ге толмаған балалар», - деді Сәуле Қисықова.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы елордада емделіп шыққандардың саны – 154 адам (48 пайызы). «Аталған азаматтар үй жағдайындағы карантинде тағы 14 күн бойы болуы тиіс. Сонымен қатар бүгін ауруханадан бір шетел азаматы жазылып шықты. Аталған азамат Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген болатын. Қазіргі уақытта ауруханаларда 399 науқас ем алуда. Оның 170-і коронавирустан емделушілер. Оның ішінде 10 науқас – басқа облыстардың тұрғындары. Сонымен қатар 9 науқастың жағдайы ауыр халде. Оның төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әзербайжан тарапы қазақстандықтарға әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан мен Әзербайжан туы