Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған 89 бала емделіп жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 277 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Коронавирус жұқтырған 89 бала емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 420 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 370, симптомсыз – 50 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 116, келіп түскені – 203. Инфекциялық стационарларда 1 277 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700 ), оның ішінде 89 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 39 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2516 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2208 науқас. 308 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.