USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған 793 науқас ем қабылдап жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 793 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Коронавирус жұқтырған 793 науқас ем қабылдап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 134 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 130, симптомсыз – 4 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 112, келіп түскені – 99 «Инфекциялық стационарларда 793 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 20 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 86 адам жатыр. Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 45 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1506 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1442 науқас. 64 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КТК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.